Элементтер химиясы

Периодтық жүйедегі негізгі топша элементтері

Сутегі

Сутегі атомы, изотоптары. Сутегінің табиғатта таралуы. Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі. Сутек молекуласына валенттілік байланыс әдісі және молекулалық орбитальдар әдісі тұрғысынан сипаттама: энергиясы, ұзындығы, байланыс жиілігі. Сутегін өндірісте және зертханада алу тәсілдері, оның физикалық және химиялық касиеттері. Сутегімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Сутегі - болашақ отын. Молекулалық және атомдық сутегі тотықсыздандырғыш ретінде. Сутегінің металдармен және бейметалдармен байланысы: молекуладағы элементтер атомдарының тотығу дәрежесі және олардағы химиялық байланыс табиғаты қышқылдық-негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеті. Сутегін өндірісте және зертханалық практикада қолдану. Су. Құрамы жөне молекулаларының электрондық кұрылысы. Сутектік байланыска сипаттама. Су молекулаларының ассоциациясы. Судың физикалық қасиеті және оған түсінік. Күрделі және жай заттармен әрекеттесуі. Ауыр су, оның қасиеті, алынуы жөне қолданылуы.Су табиғатта. Суды тазарту тәсілдері. Таза су мәселесі. Организмдегі жылу алмасуда судың маңызы. Судың организмдегі қызметі.Су фотосинтезде сутек және оттек көзі ретінде.

ІI-топтың негізгі топша элементтеріне жалпы сипаттама

Жер қыртысында таралуы, изотоптық кұрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттарының физикалық және химиялық қасиеттері.

Металдардыың шынайы атмосфера жағдайындағы күйі. Сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Халық шаруашылығында металдық берилиймен магнийдің қолданылуы. Топша элементтерінен құралатын жай заттарды өнеркөсіпте алу. Элементтер қосылыстары: Гидридтер, оксидтер, гидроксидтер, пероксидтер, тұздар. Оларды алу, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Кейбір қосылыстарын қолданудың маңыздылығы. Сқндірілген және сөндірілмеген әктас. Қасиеті, алынуы, қолданылуы.

II топтың негізгі топша элементтері қосылыстарының физиологиялық әсері. Барий және берилий қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік. Судың кермектілігі және оны жою әдістері. Ион алмастырғыш смолалар көмегімен суды тазарту. Кальций иондарының физиологиялық рөлі. Тірі организмдердегі кальций және оның тірек қызметтері. Жасуша, кан плазмасы және басқада биологиялық сұйықтар құрамында кальций және магний иондарының кездесуі. Хлорофилл синтезіндегі кальцийдің әсері. Магний- хлорофилдің кұрамды бөлігі.

I-топтың негізгі топша элементтері.

Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Сілтілік метаддармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі, сақтау ережелері. Сілтілік металдарды алу әдістері. Элементтердің маңызды қосылыстары: гидридтер, оксидтер, гидроксидтер, пероксидтер және тұздарының касиеттері, алынуы және қолданылуы. Соданың алынуы. Сілтілермен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері. Натрий және калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде натрий мен калийдің кездесуі. Жүйке жүйесіне, бұлшық ет қызметіне, бүйрек, жүрек тамыр жүйелеріне жене т.б. органдарға натрий және калий иондарының әсері. Өсімдіктердің биохимиялық процесстеріне калий иондарының қатысуы. Калий тыңайтқыштары.

VII-топтың негізгі топша элементтері

Элементтерге жалпы сипаттама. Атомдардың электрондық құрылысы. Иондану энергиясы жөне электронға жақындық энергиясы. Элементтердің топшада орналасуы және атомдардың электрондық құрылысы негізінде элементтердің химиялық қасиеттеріне сипаттама.

Жай затгардың физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырмалы сипаттау.

Фтор.Фтордың табиғатта таралуы, алу әдістері. Физикалық жәие химиялық касиеттері. Фтордың қосылыстары. Фторсутек. Алынуы және қасиеті. Молекула ассоциациясы. Фторсутек қышқылы. Фторидтер. Оттегі фториді. Фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Фтор және оның қосылыстарының биологиялық рөлі.

Хлор. Табиғатта кездесуі, изотоптары. Хлорды зертханада және өнеркәсіпте алу жолдары, оның физикалық-химиялық қасиеті. Хлордың металдармен байланысының сипаты. Хлордың сутегімен әрекеттесу реакциясының механизмі. Хлорсутек, хлорсутек қышқылы, оны зертханалық өнеркәсіптік алу жолдары, физикалық жөне химиялық касиеті, қолданылуы. Хлордың сумен, сілтімен және баска да күрделі заттармен әрекеттесуі. Хлордың оттекті қосылыстары: оксидтер, қышқылддар, тұздар. Хлорлылау қышқылы, ерітіндіде ыдырау типтері. Гипохлориттер, ағартқыш. Хлорлау және хлор қышқылдары және оның тұздары. Бертолле тұзы. Хлордың оксоқышқылдарының тотығу және беріктік қасиетін салыстыру және аниондарының стереохимиясы. Хлор және оның қосылытарының қолданылуы. Қоршаған ортаны хлормен ластанудан қорғау. Зиянды заттардың шекті концентрациясы (ШК) туралы ұғым. Хлордың ШК-сы. Тұз қышқылының және хлоридтердің организмдегі физиологиялық рөлі. Натрий хлоридінің су алмасуды реттеудегі рөлі.

Бром. Иод. Табиғатта таралуы, зертханада және өнеркәсіпте алыну өдістері жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Бромсутек және иод сутек, бром сутегі және иод сутегі қышқылы, олардың тұздары алынуы, қасиеті және қолданылуы. Галоген сутек қышқылдарының және олардың аниондарының тотықсыздану қасиетіне салыстырмалы сипаттама. Құрамында галогенид ионы бар заттар арасындағы реакцияның бағыты. Бром және иодтың оттектік қосылыстары. Галогенидтердің оксиқышқылдарына тотығу дәрежесі біркелкі қышқыл түзуші элементтермен салыстырмалы сипаттама. Галогендердің бір-бірімен қосылыстарына жалпы сипаттама. Галогендерден түзілген жай заттар мен қосылыстардың биологиялық рөлі.

VI-топтың негізгі топша элементтері

Жай заттар мен элементтер атомдарына жалпы сипаттама Оттегі. Табиғи оттегінің изотоптық құрамы. ВБӘ және МОӘ тұрғысынан оттегі молекуласындағы химиялық байланыс.

Оттегінің парамагниттілігін түсіндіру. Оттегін зертханалық және өнеркәсіпте алу жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Оттегі тотықтырғыш ретінде. Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесуі. Оксидтер, олардың алынуы, қасиеті, жіктелуі және номенклатурасы. Оттегінің аллотропиясы. Озон, оның қасиеті, алынуы, табиғаттағы түзілуі. Оттегінің қолданылу аймағы. Өсімдіктер өміріндегі оттегінің рөлі. Ауа. Ауаның тұрақты және өзгеріп отыратын құрамдық бөлігі. Таза ауа проблемасы. Сұйық ауа, оның касиеті және практикалық қолданылуы. Оттегінің сутектік қосылыстары. Су және сутегі пероксиді, кұрамы және малекулаларының электрондық кұрылысы. Сутегі пероксидінің қышқылдық, негіздік, тотығу-тотықсыдану қасиетінің термодинамикалық тұрақтылығы.

Күкірт. Табиғаттағы күкірт. Күкірттің аллотропиясы. Оның маңызды модификацияларының физикалық қасиеттері. Күкірттің химиялық қасиеті және практикада қодданылуы. Күкірттің сутекті қосылыстары. Күкіртті сутегі: алынуы, физикалық және химиялық қасиеті. Күкіртті сутегінің физиологиялық әсері, оның шекті мүмкін концентрациясы (ШМК). Күкіртті сутегі және сульфидтердің тотықсыздандырғыш қасиеті. Поликүкірт сутектер және полисульфидтер жөнінде қысқаша мәлімет. Күкірттің оттекті қосылыстары: молекула құрылысы, валенттілік байланысының сипаты. Күкірт (IV) оксиді, физикалық және химиялық қасиеті, зертханалық және өнеркәсіптік алу әсілдері, ШМК-сы. Күкіртті қышқыл және сульфиттердің химиялық қасиеттері. Тиокүкірт қышқылы, тиосульфаттар олардың практикалық маңызы. Күкірт (VI) оксиді, физикалық және химиялық қасиеті. Күкірт қышқылы. Концентрлі және сұйытылған күкірт қышқылының қасиеті. Күрделі заттармен және металдармен әрекеттесуі. Концентрлі күкірт қышқылымен жұмыс істеу ережесі. Күкірт қышқылын нитрозды және контактілі алудың механизмі. Күкірт қышқылының өндірісі және қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Олеум және поликүкірт қышқылы. Күкірт қышқылының тұздары, олардың табиғатта таралуы, қасиеті және қолданылуы. Күкірт қышқылы және оның тұздарының халық шаруашылығындағы маңызы. Күкірті жоғары қышқыл және персульфаттар. Күкірттің биологиялық рөлі, табиғаттағы айналымы.

V-топтың негізгі топша элементтері.

Элемент атомдары және жай заттарға жалпы сипаттама. Азот. Табиғаттағы азот. ВБӘ жөне МОӘ тұрғысынан молекулаларының химиялық байланысы және оның ерекше беріктілігін түсіндіру. Физикалық және химиялық қасиеті. Азоттың сутегімен әрекеттесуінің ерекшелігі, оны химиялық термодинамика тұрғысынан түсіндіру. Азотты зертханалық жөне өнеркәсіптік жолмен алу тәсілі, қолданылуы.

Азоттың сутегімен қосылыстары. Амиак, молеқуласының электрондық кұрылысы және геометриясы. Зертханалық және өнеркәсіптік алу тәсілі. Амиактың физикалық-химиялық қасиеті. Амиактың тотығуы. Аммиактың сумен, қышқылдармен

аминокомплектер түзуде донорлы-акцепторлы механизмі бойынша әрекеттесу қабілеті. Аммоний тұздары, олардың кұрылысы, қасиеті. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауынан түзілетін өнімдер. Аммиак молекуласындағы сутек атомының орын басу реакциясы. Амидтер, имидтер, металдар нитридтері. Аммоний тұздары мен аммиактың практикада қолданылуы. Гидразин, молекула құрылысы, химиялық қасиеті. Гидроксиламин. Азоттысутек қышқьшы, азидтер.

Азоттың оттекті қосылыстары. Азот оксидтері: молекула құрылысы, алынуы тұрақтылығы және қасиеті. МОӘ тұрғысынан азот (II) оксидінің молекуласы. Азот (IV) оксидінің димеризациялық тепе-теңдігі. Азотты қышқыл. Молекулаларының электрондық құрылысы және геометриясы. Азот қышқылын зертханалық және өнеркәсіптік алу жоддары. Азот қышқылының химиялық қасиеті. Металдармен және бейметаддармен әрекеттесуі. Патша суы, нитрозил хлориді. Нитраттар. Нитраттардың термиялық ыдырауы. Азоттың биологиялық ролі. Жануарлар мен өсімдіктер организміндегі азот. Азот - белоктардың, нуклеин қышқылдарының, гемоглобиннің және т.б. құрамды бөліг і. Атмосферадағы азотты байланыстыру мәселесі. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғаттағы айналымы.

Фосфор және оның қосылыстары

Фосфор. Маңызды табиғи қосылыстары, алынуы. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері олардың қасиеттері. Ақ фосфордың улылығы және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Металдар фосфидтері. Фосфордың сутекпен қосылыстары. Фосфиндар.Фосфин мен аммиак молекулаларының геометриясын және қасиеттерін салыстыру.

Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфор оксидтері. Фосфордың оксоқышқылдары. Фосфорлылау, фосфорлы, фосфор қышқылдары, молекула құрылысы, негізділігі. Фосфордың оксоқышқылдар қатарында қышқылдық тұрақтылығы мен тотығу-тотықсыздану қасиетінің өзгеруі. Метафосфаттар, полифосфаттар. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қодданылуы. Фосфор галогенидтері, олардың гидролизі. Фосфордың биологиялық рөлі. Фосфор - сүйек тканінің, нуклеотидтердің және т.б. құрамды бөлігі. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор тыңайтқыштарын рН-ы әртүрлі топырақта пайдалану.

Мышьяк, сурьма, висмут. Олардың табиғатта таралуы, жай заттардың алынуы. Мышьяк, сурьма, висмут және олардың қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттеріне жаллы салыстырмалы сипаттама. Мышьяк, сурьма, висмут және оның қосылыстарының іс жүзіңдегі маңызы.

ІV-топтың негізгі топша элементтері

Элементтер атомдары мен жай заттарға жалпы сипаттама. Көміртегі. Табиғаттағы көміртегі. Көміртегінің аллотропиясы: алмаз, графит, карбин: олардың кұрылысы, физикалық-химиялық қасиеті, практикалық маңызы. Олардағы көміртегі атомы орбиталінің гибридтену сипаты. Активтендірілген көмір. Активтендірілген көмірді сорбент ретінде қолдану. Көміртегінің химиялық қасиеті. Көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиетінің практикада қолданылуы. Көміртегінің сутекті қосылыстарына жалпы қысқаша сипатама. Органикалық қосылыстардағы көміртегі. Металдардың карбидтері, оларға жалпы сипаттама. Көміртегінің оттекті қосылыстары. Көміртегі (IІ) оксиді. Оның молекулаларыньщ МВӘ және МОӘ тұрғысынан құрылуы, химиялық қасиеті. Көміртегі (II) оксиді тотықсыздандырғыш ретінде. Көміртегі оксидінің физиологиялык, әсері және онымен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары. Иісті газбен уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Табиғаттағы көміртегі (IV) оксиді. Өсімдіктердің жасыл жапырағындага фотосинтез. Көмір қышқылы. Карбонаттар және гидрокарбонаттар, еруі, гидролизі, термиялық тұрақтылыгы. Көміртегінің азот және галогендермен қосылысы. Синил қышқылы. Цианидтер. Көміртегінің тетрохлориді.Көміртегінің фтор туындылары, фреондар туралы түсінік. Көміртегінің табиғаттағы айналымы. Кремний және оның қосылыстары. Табиғаттағы силикаттар. Кремнийдің зертханада және өнеркәсіпте алынуы. Кремнийдің қасиеті және қодданылуы. Кремний кейбір биологиялық активті заттардың жөне өсімдіктердің құрамды бөлігі. Кремнийдің сутекті қосылыстары және олардың сәйкес көміртегінің сутекті қосылыстарынан айырмашылығы. Металдардың силицидтері. Кремний диоксиді. Кварц. Кварцты шыны, оның қасиеті, қолданылуы. Кремний қышқылы. Силикагель, оның колданылуы. Силикаттар, ерігіш шыны. Жасанды силикаттар. Германий топшасының элементтері және олардың қосылыстарына жалпы сипаттама. Қалайы, қорғасын және олардың қосьшыстарының халық шаруашылығында қолданылуы. Ауыр металдардың қосылыстарының тозаңдануынан қоршаған ортаны қорғау.

Периодтық жүйедегі қосмымша топша элементтері

І-топтың қосымша топша элементтері

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мыс, күміс, алтын. Элементтерің табиғатта табылуы. Алу әдістері. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы. Мыс, күміс, алтынның маңызды қосылыстары. Оксидтер, гидроксидтер, тұздар. I топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама

ІІ-топтың қосымша топша элементтері

Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Элементтер атомдарына жалпы сипатгама, жай заттарының химиялық және физикалық қасиеттері, олардың оттекпен қосылыстарына жалпы сипаттама. Мырыш гидроксидтерінің және оксидтерінің амфотерлілігі. Гидроцинкаттар. + 1 тотығу дәрежесін көрсететін элементтер қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері. Элементтердің маңызды комплексті қосылыстары. Мырыштың микроэлемент ретіндегі рөлі. Мырыштың, кадмийдің және сынаптың қосылыстарының физиологиялық әсері. Сынаптьщ ШК-сы.Сынап және оның қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Мырыш кадмий және сынап қосылыстарын практикада пайдалану

VI-топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Хром. Хромның табиғи қосылыстары. Хром және феррохромның алынуы. Хромның қосылыстары (ІІ, ІІІ,І) оксидтерінің, гидроксидтерінің, тұздарының алынуы. Химиялық және физикалық қасиеттері. Хром оксидтері мен гидроксидтерінің қышқылдық-негіздік қосылыстарының өзіне тиісті иондарының радиустарымен зарядтарының ұлғаюына тәуелділігі. Гидроксо және оксо хроматтар(Ш). Хромның (III) комплексті қосылыстары. Хром қышқылдары, олардың қасиеттері. Хроматтар және дихроматтар. Олардың болу ортасы. Хром (VI) қосылыстары тотықтырғыштар ретінде. Хром қоспасы.

VIІ-топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттарының химиялық және физикалық қасиеттері.

Марганец және оның қосылыстары. Марганец. Марганецтің табиғи қосылыстары. Табиғи қосылыстардан марганецті алу. Марганецтің қолданылуы. Марганец құймалары. Ферромарганец. Марганец қосылыстары. Марганецтің оксидтері және гидроксидтері. Олардың қасиеттерінің марганец атомының тотығу дәрежесіне тәуелділігі. Марганецтің жоғарғы тотығу дәрежесінің қосылыстары. Марганецті және марганец қышқылдары, манганаттар және перманганатгар. Манганаттармен перманганаттардың тотықтырғыштық қасиеттері. Перманганаттардың тотықтырғыштық касиеттерінің ортаның рН-на тәуелділігі. Марганец өсімдіктер қорегінің микроэлементі.

4 топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің қаситтеріне салыстырмалы сипаттама

VIІІ-топтың қосымша топша элементтеріне жалпы сипаттама.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың химиялық, физикалық қасиеттері. Темір қатарының элементтері. Ашылу тарихы, маңызды табиғи қосылыстары, жер қыртысында таралуы. Темірдің маңызды құймалары: шойын, болат, легирленген болаттар. Шойын өндіру және оны болатқа айналдыру химиясы. Тікелей тотықсыздандыру арқылы темір алу. VIІІ -топтың қосымша топша элементтері және олардың қосылыстары. Темір, кобальт және никель (II, III) маңызды қосылыстарының қасиеттерін салыстыру. Олардың алынуы және қолданылуы. Ферраттар, темір, кобальт, никельдің қосылыстары. Темірдің, кобальттің, никельдің қосылыстарының биологиялық рөлі. Биологиялық активті қосылыстар - қан гемоглобинінің, қан миоглобинінің, катализдың түзілуіне темірдің қатысуы.

Әдебиеттер тізімі

1 .Б.А.Бірімжанов. Жалпы химия, Алматы 2001ж.

2.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия – М. Высшая школа,2005.

3. Д. Шрайвер., П. Эткинс «Бейорганикалық химия» Алматы, 2013 ж.

4.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Білім, 2003ж.

5.Бейорганикалық химия практикумы. Ж.Ә.Шоқыбаев, З.О.Өнербаева, Г.С.Камиева, Ж.Р. Кожагулоова. Алматы, 2003ж

6.Т.Т. Омаров., М.Р. Танашева «Бейорганикалық химия» Алматы, 2008 ж.

7. А.И.Горбуров. Теоретическая основыы общей химии. М.,2001 г.

8. Қ.С. Құлажанов., М.Ш. Сүлейменова., Қ.И. Иманбеков «Бейорганикалық химия» Алматы, 2011 ж.

Емтихан сұрақтары

1. Атом- молекулалық ілім және оның негізгі қағидалары. Химияның негізгі түсініктері

2. Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі

3. Химия ғылымының негізгі заңдары.

4. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы

5. Атом құрылысы. Атом ядросы.Атомның планетарлық моделі. Атомның негізгі бөлшектері

6. Комплексті қосылыстар. А.Вернердің координациялық теориясы

7. Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының квантық-механикалық моделі. Квант сандары.

8. Атомдарда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: Паули ұстанымы, Гунд, Клечковский ережелері

9. Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық реакияларға әсер етуші факторлар.

10. S-элементтер. Сутек. Сілтілік металдар. Сілтілік жер металдар

11. V-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары және химиялық қасиеттері

12. Ядро құрылысы. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар.

13. Атомдар радиусы. Иондану энергиясы. Электронға жақындық. Электротерістілік

14. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Периодтық заң.

15. Элементтердің химиялық қасиеттерінің периодты өзгеруі мен электрондық конфигурациялары

16. Химиялық байланыстар. Химиялық байланыстың негізгі типтері

17. VІ-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары, алу әдістері және химиялық қасиеттері

18. Химиялық реакциялардың жылу эффектілері. Гесс заңы.

19. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Сулы ерітінділердің рН көрсеткіші.

20. VІІ-топтың негізгі топша элементтері, қосылыстары, алу әдістері және химиялық қасиеттері

21. ІV-топтың негізгі топша элементтері, алу әдістері және химиялық қасиеттері

22. Қайтымсыз және қайтымды химиялық реакциялар. Химиялық тепе – теңдік және

Ле – Шаталье ұстанымы.

23. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациялары

24. Электролиттік диссоцияция теориясы. Негізгі қағидалары. Электролиттік диссоциация дәрежесі.

25. Периодтық жүйедегі қосымша топша элементтері: І, ІІ, VІ, VІІ және VІІІ топтың қосымша топша элементтері

26. Тұздардың гидролизі. Гидролиз реакциялары. Гидролиздің дәрежесі және константасы

27. Тотығу және тотықсыздану реакциялары. Электрон-иондық және электрондық баланс әдісі

28. Химиялық процестердің энергетикасы мен бағыты. Термохимия заңдары.

29. Гальваникалық элементтер. Электрохимиялық кернеу қатары. Электродтық үрдістер.

30. Катализ. Реакциялардың жылдамдығына катализатордың әсері. Катализ түрлері.

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

90 − 89 =