Энергия ресурстары

Энергия ресурстары

2. Сарқылатын энергия ресурстары

3. Сарқылмайтын энергия ресурстары

4. Қазақстандағы энергетика ресурстары

5. Ресурстарды тиімді пайдалану мәселесі

Дәріс мақсаты: Студенттерді энергетикалық кризис және оны шешу жолдарымен, негізгі әдістерімен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына,алу жолдарына және басқа да нышандарына (белгісіне) байанысты топтастырылады.

Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы

Бастапқы (бірінші) қоры Екінші қоры
Сарқылатын(көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар)

Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиялары, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия)

Көмірді іріктіргенде және байытқанда шыққан қосымша-өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өндегенде шыққан қалдық өнімдер, ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.

Жаңғыш газдар(домна, кокс); тастанды газдардың жылуы, салқындату жүйесінен шыққан ыстық су, күш беретін өнеркәсіп құрылысының тастанды буы

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидраэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.

Жер қойнауындағы отын қоры болып көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. Тонна (шартты оның түрінде ), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2млрд. Тонна.

Сарқылатын отын энергетикалық ресурстардың зерттеуден өткен дүниежүзілік қоры төменгі кестеден келтіріген.

Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері, млрд. Тонна: АҚШ- 430, Германияда-100, Австралияда-50, Англияда-29, Канада-50, ТМД елдері- 290, оның ішінде Қазақстанда- 51, (40% кокс алатын өте сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн. Тоннаның үстінде көмір алынады, оның ішінде 40 % ашық әдіспен.

Отын түрі Геологиялық ресурс Барланудан
өтіп алынып жатқан ресурс
Көмір,млрд.т
Мұна, млрд.т
Табиғи газ,трлн.м
Жаснды сұйық отын (тақтатас жәнеын битум алынатындар), млрд.т
Уран, млн.т
4880-5560
207-252
260-270
33-34

3.2

72-98
49-74
6-9

1.6

Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд. Тонна шартты отын көлемінде бағаланады, оның 10%- анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік рынокты негізгі мұнаймен қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері. Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солтүстік Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа елдерде. Жапонияда, Францияда тағы да, басқа көптеген дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.

Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн.м3. Табиғи газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венессуелада, Мексикада, АҚШта, Кана, Рда, Австралияда, Ұлыбританияда, Норвегияда, Голландияда, Ресейде(30%), Қазақстанда(5 трлн.м3). Жыл сайын Ресей 800-850 млрд.м3 табиғи газ өндірсе, қазақстанда 5-7млрд.м3 шамасында өндіріледі.

Жоғарыда көрсетілген отын түрлеріқойнауынан алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топыпақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында ғылымдардың болжамы бойынша 2020 жылға дейін жер қойнауында алынатын отындардың 2,5 млрд. Тоннадай зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергия ресурстарына олардан алынатын электроэнергияның мөлшері 8% ке дейін жетеді. Кейбір сарқылмайтын энергия көздері туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген.

Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мың ГВт энергияға тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшерінен бұл шамамен15 мың есе жоғары. Осы энергияның 30% қайтадан космос әлеміне қайтарылады, 50%-сіңіріледі, 20% геологиялық циклға, 0,06% фотосинтез процесіне жұмсалады.

Энергия түрлері Энергия көзі Дүнниежүзілік ресурстар, 10кВт сағат/жыл
Механикалық

Өзен ағысы
Толқындар
Тасулар
Жел
0,028
0,005-0.05
0.09
0.5-5.2
Жылу

Температура градиенті:
Теңіз бен мұхит суларынікі
0.1 -1.0

0.05-0.2

Сәуле қуаты Жер қойнауынікі
Күннің сәуленуі:
Жер бетінде
200-280

Химиялық Толық энергия
өсімдіктер мен жертезек

Күн- өте қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жорге берген энергия қуаты бүкіл Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен тұрмыс жағдайында қалай қолдануға болатыны бұл да шешілмеген проблеманың бірі. Аз болса да күн сәулесін қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі. Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м.суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын шығарады.

АҚШ та, Испарияда, Иорландияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін қолданатын жылу электр қондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай ток өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тогына өзгертіледі. Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған ортаға әсерін тигізбейді екен. Оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу болмайды және судың да қажеті жоқ. Күн сәулесінен жұмыс істейтін батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі материалдар кептіруге, технологиялық қолдануға болады. Желдің жылдамдығы 5м/сек жоғары болатын жерлерде электроэнергияны желден алуға болады. Желдің энергиясы кеңінен қолдану масатында Канада, Германияда, АҚШта, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.

Жел энергиясынан электр тогын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидар жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін проблемалар деуге жатады.

Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті, осыған байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел энергиясы кеңінен қолдану эколкгиялық жағынан да, экономикалық жағынан тиімді.

Экологиялық жағдайда зиянды әсері жоқ деп тағы бір энергия түрін айтуға болады, бұл жер қабатында (5 км тереңдікке дейін) болатын геотермалдық энергия. Дүние жүзінде осы энергия түрі негізіде бірнеше геотермалдық жылу электростанциялары (ГэоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГэоЖЕС(50мВт) АҚШта.

Жалпы геотермалдық энергия қоры 200 гВт шамасында,негізінде ол Тұнық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.

Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил аралдарында жалпы қоры 2000 мВт. Қазіргі кеде қуаттылығы 11мВт-қа және50мВт тең екі ГэоЖЕС Комчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Комчаткада 300-500 м тереңдікте судың температурасында 200°С­ге дейін жетеді.

Геотермалдық энегетиканың дамуының негізгі бағыты-термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз.

Махачкалада, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қаларында термалды сулар тұрғындарды жылы сумен қамтасыз етуге бағытталған.

Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда,т.б жағдайларда қолдануын табуда.

Тағы бір энергия көзі­ биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0,1%, ал күлділігі-3­5%­тен аспайды(көмірде бұл көрсеткіштер, тиісінше, 2­3% және10­15% тең). Биомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тогын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысын қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде энергияның 50%-дай мөлшерін алуды жолға қоюға болады.

Осы синтетикалық отын ХХІ ғасырдың негізгі энергия көздерінің біріне айналуына толық мүмкіндік бар. Ағаш биомассасынан алынған метанолды отын ретінде жаққанда шыққан көміртек оксидінің мөлшері бензинді жаққанда бөлінетін газ көлемінен 2 еседей төмен. Метанолға альтернативті этанолды қант өндірісінен шыққан биомассадан ферменрттер көмегімен алып, оны бензиннің орнынына қолдануға болады.

Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз қолданудың экология мен экономика жағынан болсын.

Тиімді жолдарын табуға болады. Биогаздың энзимдер қолдану арқылы этанолдың бағасы бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз алу технологиясы өзін 5­3жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды үнемдеуге ықпал жасайды.

Болашағы зор потенциалды энргия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит тасуларының техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн.кВт шамасында. Канададан қуаттылығы 20млн.кВт, ал Ресейде Мурманск ауданында қуаттылығы 400млн.кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87млн.кВт энергия беретін станциялар іске қосылған. АҚШ тағы тасу процесіне негізделген станциялар 350 млрд.кВт/сағатына берсе, Францияда жылына алынатын энергия мөлшері 40млрд.кВт сағатына жетеді. Қазақстанның энергетикалық базасы ΧΧғасырдың 30­шы жылдарында құрыла бастады. Алғашында кішігірім электростанциялар фабрика, зауыт, мұнай кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында салынған.

1950жылдан бастап, республиканың бірнеше аймағын электроэнергиясын қамтамасыз ете алатын қазіргі уақытқа дейін істеп жатқан энергетика кешендері ұйымдастырылды. Ол кестеде берілген.

Қазақстандағы энергетика өндірістері

№ п/п Іске қосылған жыл

Өндірістер
1.

1950-1960

Жезқаған ЖЭО, Өскемен ГЭС, Бұқтарма ГЭС (бірінші агрегат)
2. 1966-1970 Шардары ГЭС
3.

1971-1975

Қапшағай ГЭС, Жамбыл және Ақсу ГРЭС
4. Ақтау АЭС
5.

1976-1980

Екібастұз ГРЭС­1,2 энергблогы
6. 1981-1985 Екібастұз ГРЭС­1, ГРЭС­2
Шульба ГЭС

Электрэнергияның негізгі ауқымды бөлігі (57­64%) химия, түсті және қара металлургия, құрылыс өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан өзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты басқа елдерден 17млрд. кВт/сағат энергия алуға мәжбүр.

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүние жүзінің елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, маганец және молибден үшінші, мыс төртінші, уран бесінші, алтын алтыншы, темір кені жетінші, қалайы мен никель сегізінші, көмір мен табиғи газ тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстанға барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200млрд.тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Іле, Төменгі Іле және Орал Каспий жатады.

Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.

Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты

Отын түрлері

Ластаушы компонерт Тас көмір Қоңыр көмір Мазут Табиғи газ
Күкіртті газ 6.0 7.7 7.4 0.002
Азот окситдтері 21.0 3.4 2.4
Қатты бөлшектер 1.4 2.7 0.7 -
Фтор қосылыстары 0.05 1.11 0.004 -

Қатты отынды жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері,шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды (отынды табиғи мен сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қаандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды.Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды. Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС (1 мВт) 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож пен күлдің мөлшері 1мың тоннаның үстінде. Осы тастандыны биіктігін 8 м етіп үйгеннің өзінде бұған қажетті жердің көлемі 1гектардан артық келеді. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауылшаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді. Осы мәліметтің өзі ЖЭС -тың табиғатқа қандай қысым жасайтынын сипаттауға жеткілікті нәрсе.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Табиғи энергия қорлары, олардың жіктелуі.
  2. Сарқылатын энергия қорлары, оларды тиімді пайдалану.
  3. Сарқылмайтын энергия ресурстары қандай?
  4. Қазақстандағы энергетика ресурстарын атаңыз.
  5. Энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі

Әдебиет:

1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

ДӘРІС 13

Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму

Жоспар:

1. Табиғатты қорғау мәселелері.

2. Ерекше қорғалатын территориялар

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

4. Атмосфералық ауаны қорғау.

5. Су ресурстарын қорғау мәселелері.

Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар түсінігімен таныстыру, сондай-ақ осы аймақтарда қорғалатын түрлермен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) “Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.

1972 жылы Стокгольмге “Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т жылы Тбилиси қаласына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары “Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.

XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт – Петербург, т.б.) Биосфера, Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.

Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республика “Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау” және “Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География - экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль – Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүогізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі “Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), “Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі ”тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.

2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез-келген мемлекеттің ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып,дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

1) оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;

2) жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар.Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.Дүние жүзінднгі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда.Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн. га;Вуд-Буффало(Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гобий қорығы (Моғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынеміл.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр.Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен,радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Қазақстан қорықтары.Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес.Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың хлорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын.1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл.1976 жылы құрылған. 71мың га территорияы алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала.Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы.Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу (биорезерваттың ядросы), буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасуы қажет.

Биосфералық қорықтар туралы концепцияны 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 елде орналасқан 324 резерват кірді. 1983 жылы ЮНЕСКО мен БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП), ФАО, МСОП-ның ұсынуымен Минск қаласында биосфералық қорықтар бойынша бірінші Халықаралық Конгресс өтті. Конгрестің жұмысы нәтижесінде 1984 жылы «Биосфералық қорықтар бойынша жұмыс жоспары» қабылданды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жердің жоғарғы форумында Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияға қол қойылды. Конвенцияның негізгі мақсаты биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен оның элементтерін тұрақты қорғау болып табылалы. Биосфералық қорықтардың осы конвенцияны орындауға көмек беруге мүмкіндіктері бар. Ұлттық саябақтар мен қорғауға алынған территориялар мәселесі бойынша Каракас (Венесуэла, 1992 жыл) қаласында өткен төртінші Дүниежүзілік Конгресте биосфералық қорықтарды басқаруға жаңалықтар енгізілді және биорезерваттардың жаңа формалары жасалды. Мысалы, «Кластерлік» және трансшекаралық қорықтар. Биорезерваттардың дамуы саласында кеңінен интеграциялау жұмыстары ұсынылды. Оны қазір «Интернет» жүйесі жүзеге асыруда.

Биосфералық қорықтар туалы Халықаралық конференция (Севилья, 1995 жыл) XXI ғасырдағы биосфералық қорықтардың рөлі мен дамуының Севилья стратегиясын жасады.

Биосфералық қорықтар өзара толықтырушы үш функцияны атқаруы керек:

генетикалық ресурстарды, биологиялық түрлер, экожүйелер мен пейзаждарды сақтауға бағытталған қорғау функциясы;

· тұрақты экономикалық және адамзаттық дамуға көмектесу үшін даму функциясы;

· зерттеу жұмыстарын қолдау үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету функциясы. Сонымен қатар, білім беру, мамандарды дайындау, жергілікті, ұлттық және ғаламдық сипаттағы іс-шараларға байланысты мониторингті жүзеге асыру.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1. Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, зиян келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

2. Буферлі белдеу. Әдетте, қорықтық белдеудің айналасында, шектесіп жатады. Ол экологиялық қауіпсіз қызмет жүргізуге, соның ішінде экологиялық білім беру, демалу, экотуризм, қолданбалы және фундаменталды зерттеулер жүргізу үшін қолданылады.

3. Өтпелі белдеу. Мұнда ауыл шаруашылық жұмыстарының кейбір түрлері, тұрғын жерлер, осы территорияның ресурстарын ттұрақты игеру мен тиімді пайдалану мақсатындағы әр түрлі кәсіпорындардың өзара бірлескен жұмысы жүргізілуі мүмкін.

1996 жылдың мамыр айында Алматыда биосфералық резерваттар туралы Халықаралық конференция өтті. Жоспар бойынша Қазақстандағы бірінші биорезерват Қорғалжын қорығының негізінде түзілді. Олай болса, биосфералық қорықтар жаңа рөл атқара бастайды. Олар тек осы аудандарда өмір сүретін халыққа табиғатпен тепе-теңдікте болатын ортамен дамуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге де жағдай жасайды. Яғни, олар болашақтағы тұрақты дамудың мүмкіндігін көрсетеді.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.

Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100 – 110 м, жасы 3 – 3,5 мың жылға дейін жетеді.

Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.

Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас ауданы), «Жылауықата» (Төлеби ауданы) және т.б. үңгірлерді атауға болады.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.

Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлімі болғандықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалудың бірден –бір тиімді жолы мемлекеттік Қызыл кітапты шығару болып отыр.

1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда өсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда өседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық өсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы өсімдіктер қатарына жатады.

Өсімдіктер дүниесі - биосфераның негізгі компоненттері, ауаның құрамын реттеуші, табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Өсімдіктің табиғатта, адам өмірінде алатын орнының зор екендігі аян.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.

1997 жылы Қызыл кітаптың омыртқалы жануарларға арналған үшінші басылымы жарық көрді.

Қазіргі Қызыл кітапта:

· Омыртқалы жануарлардың 128 түрі, оның ішінде:

o 18 балық және дөңгелек ауыздылар түрі

o 3 қос мекенділер түрі

o 10 бауырымен жорғалаушылар

o 57 құстар

o 40 сүт қоректілер түрі енгізілген.

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

I категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

II категория – апатты қысқарған;

III категория – сирек аз кездесетін;

IV категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

V категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

4. Атмосфералық ауаны қорғау.

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес,ауаны да ластап келеді.Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады.Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді.Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады.Міне,сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де,тіршілік үшін де үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу,адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе.

Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы,қалалардың үстін,2000-2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені,не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс болып отыр. Бұндай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультракүлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы аурулар тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз,тері,өкпе дерттерін адамға дарытады.Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20 дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің құрамында тек 0.5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталды,ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20%-ке жететіні белгілі болды.

Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір,қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша,бұл газдың көлемі жылына 0.3-0.5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0.003%. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1.13 процентке өсті. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтиже бермейтіні белгілі. Егер көмірқышқыл газы жинала берсе,онда күн сәулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады,яғни, мұз дәуір қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарасқа тоқталатын болсақ,онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетіндегі энергия космос кеңістігіне тарамай қалады,ауаның температурасын жоғарлатып жібереді. Сол себептен жер бетіндегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп кетіп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп,деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып кетеме деген ғылыми болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуы көпшілікке белгілі болып отыр, яғни 0.04 процентке дейін көмірқышқыл газының жиналуы, ғалымдардың болжауы бойынша, дүние жүзінде тірі организмдерге қолайсыз «парник эффект» дейтін құбылысты тудырады.

Климат мүлдем өзгеріп кетеді,жылдық орташа температура 0.8-3 градусқа дейін өседі.

Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше түрлі транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль мың километрдей жол жүргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жұмсайды. Жағылған біртонна таскөмір 10 адамның бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш,торф,газ жанғанның өзінде жер жүзіндегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып,тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Ерте кезден-ақ ауаның ластануына қарсы шаралар қолға алына бастаған. XVIII ғасырда Англияда,Лондонда көмірді отын ретінде қолдануға шектеу қойылды.

Қазіргі кезде атмосфералық ауаның аса көп мөлшерден тыс улануы АҚШ- та болып отыр. Әбден шегіне жеткен өндіріс жүйелері басқа биосфера байлықтарын аяусыз пайдаланумен қоймай дем алатын ауаны да адам өміріне қауіп туғызатын улы газға айналдырып отыр. Бұның өзі тек Америка халқы емес, басқа да көршілес отырған елдерге нұсқан келтіруде.Өйткені ауа өне бойы бір жерде тұра бермейді. Жел арқылы басқа жаққа осып отырады да улы,зиянды заттарды тарата береді.

АҚШ-та жыл сайын ауаға 150-160 миллион тоннадай зиянды заттар қосылып отырады. Яғни жыл басына шаққанда бұл әрбір адамға 400-500 килограмнан келеді, зиянды заттардың жалпы химиялық құрамында 5,2% дай көміртектің тотығы, 18 % күкірт тотығы, 12 % көмірлі оттек, 6 % азот тотығы, 12 % әр түрлі заттар бары анықталды. Осы улы газдардың 60 проценттейі транспорттардан шығады. 150 миллионнан астам автомобильдерден бір жыл ішінде ауаға 100 миллион тоннадай зиянды газдар қосылып отырады. Ал жер жүзінде 300 миллиондай автомобильдерден ауаға қосылып отыратын улы газдардың көлемі 200-250 миллион тоннадай болады.

Смог деп аталатын құбылыс метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі.Оны ағылшын сөзінен аударғанда- “тұман” деген мағына береді. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды осы құбылыстар туады. Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар,олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне,шаңды дауылдардың тұруына,орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолдармен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әр түрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң тозаңын жатқызуға болады.

Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаршылығы т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылыр (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер,иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді. Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогентік шығарындының 90%-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды. Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ та олардың ішінде ең көп мөлшерде,яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң,түтін,күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Жалпы зиянды заттардың шығарындыларында негізгі үлес автокөліктерге келеді. Мысалы: Алматыда шамамен 80-90%, Шымкентте-60-65%. Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттардың көлемі 2 млн. Тоннадан асып отыр.

Ауа арқылы таралып,биоталардың бәріне зиянды әсер тигізетін физикалық фактордың бірі электр магниттік өрістер элетр тоғы жүретін жүйелерден бөлініп отырады. Күн сайын электр магниттік өрістер таратын көздер (радиолокаторлар,радио және телеорталықтар,т.б.) көбеюде. Элекр магниттік аспаптардың маңындағы ауада оң зарядталған иондар көп болады. Осының әсерінен мидың істеу қабілеті төмендейді, ұйқы келеді, бас айналады, ауырады. Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны 2000-ға жуық. Барлық заттардың агрегаттық күйіне байланысты қаты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Газ тәрізді заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыл сайын адамдың іс-әрекеті салдарынан атмосфераға 25.5 млрд.тонна көміртек оксиді, 65 млн.тонна азот оксиді,1.4 млн.тонна (хлорфторкөміртек),қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсутектер, соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көмірсутектер туғызады. Ластанған аймақтарда адамдардың, әсіресе балалардың ауруы, оның ішінде тыныс алу органдары мен қан аурулары, аллергия, бронх демікпесі, т.б. едәуір көбейеді.

Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты қоспалардан басқа жылу шығарындыларымен, электр магнитті өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиоактивті сәулелермен, басқа да көптеген физикалық факторлармен ластайды.

Ауадағы қоспалардың ішінде ең қауіптісі радиоактивті заттар. Олар жер бетіне жауын немесе қан арқылы немесе құрғақ түрде атмосферадан түседі. Барынша қарқынды радиоактивті шөгінділер Қазақстан жерінде 1950 жылдардың басы мен соңындағы және 1960 жылдардың басындағы ауада және жер үстінде жүргізілген жер үсті сынақтар топтамасынан соң байқалды. Соққы толқыны, жарық апаты, жердің сілкінуі сияқты факторлардан басқа радиоактивті заттар 1.7 млн. Адам мекендейтін 304 мың шаршы шақырым аумаққа таратады. Ядролық қаруды сынаулар адамдардың денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға орасан зиян келтіргенін, халықтың жалпы аурушаңдығының күшейгенін,жан-жануарлардың бәрінепатологиялар болып жатқанын көрсетеді. Радиоктивті заттардың жер бетіндегі көзіне атом мен сутегі бомбаларының тәжірибе жасау кезінде жарылуы, атомдық реакторлар, атом электростанциялары, атом өнеркісібінің және басқа өндірістердің қалдықтары жатады. Радиоактивті заттардың ауаның құрамында көп мөлшерде болуы халық арасында тұмаудың, түрлі ісік жаралардың таралуына әкеп соғады, соның ішінде сәуленену ауруы пайда болуы мүмкін.

Атмосферада тұрақты түрде химиялық құрамы және пайда болған жолдары әр түрлі шаң немесе тозаң деп аталатын қатты бөлшектер болады. Түтіннен оның айырмашылығы желсіз кезде шөгетіні.Жылына атмосфераға шамамен 2 млрд. тонна шаң,оның ішінде 200-400 млн.тонна тегі антропогендік шаң. Болжам бойынша 2005 жылы антропогендік шаңның мөлшері екі еседен артық өсуі мүмкін. Атмосфералық шаңға отын жанғанда түзілетін,оттықтан шығарылатын газдармен бірге негізінен ұсақ бөлшектер түрінде әкелінетін көміртектің сутекпен конгломератын күйені,күлді жатқызуға болады. Күйе негізінде жоғары дисперсті, улылығы төмен, 90-95% көміртек бөлшегінен тұратын қатты заттек. Күйенің адсорбциялық қабілеті өте жо&

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

− 1 = 1