Етістік –глагол

Заттың қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы етістік деп аталады.

Етістіктің сұраулары- не істеді? не қылды?

Тұрақты белгілері:

I.Мағынасына қарай
(по значению)
1.Болымды-положительная

2.Болымсыз –отрицательная

3. Сабақты-переходный (табыс септікті сөздерді тілейді)
4. Салт –непереходный
(табыс септікті сөздерді тілемейді)

бар, сал, тарт, кет, қаз, хабарла, толтыр
барма, салма, кетпе, қазба, хабарлама, толтырма,
ал, бер, құрметтеймін, сыйлаймын, оқыды, жазды(кітапты оқыды)
кетті, келді, ұйықтады, күлді, жатты
(ол ұйықтады)
II.Тұлғасына қарай
(по способу образования)
1. Негізгі -непроизводные
(түбір етістік)
2. Туынды- производные
(түбір етістік+жұрнақ, басқа сөз табы+жұрнақ)
жаз, оқы, айт, кел, кет
келтіреді, көрінді, ойланды, тұзда, есептеді, іздеу,санау
III. Құрамына қарай
(по составу)
1. Дара –простые

2. Күрделі - сложные

жаз, оқы, кел, сыйлаймын, отырды, тұрамын, тудым
сатып ал, келе жатыр,күліп жібере жаздады, көңіл көтер –веселись, сурет салды-нарисовал, бара-бара шаршадым, тыңдай-тыңдай жалықтым.

Тұрақсыз белгілері:

1. Септелуі (есімше түрі) Барғанның, барғанмен, барғаннан
2. Тәуелденуі (есімше түрі) Барғаным, барғаның, барғаныңыз, барғаны
3. Жіктелуі Бардың, бардыңыз, барды, барғалы жатырмын
4. Көптелуі (есімше түрі) Барғандар, келгендер, жүргендер

Етістіктің синтаксистік қызметі

1) Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш, есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады.

Етістіктің түрлері

1) Етістіктің ерекше түрі – есімше. Оның ерекшелігі -әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалады:Ол ертең келер-етістік.Ақыл –тозбайтын тон, таусылмайтын кен–сын есім мағынасында жұмсалып тұр.

2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі. Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.

Есімшенің жұрнақтары Мысалдар Көсемшенің жұрнақтары Мысалдар
-қан,-кен,-ған, -ген ашқан жеткен, жазылған, жүрген -а, -е, -й ала келді, келе жатыр, қарай бастады
-атын,-етін, -йтін баратын, келетін, сөйлейтін -ып,-іп, -п барып қайтты, келіп кетті, жауап қатпады
-ар, -ер,-р Жазар, келер, айтар -ғалы, -гелі, -қалы, -келі барғалы отыр, келгелі жатыр, қайтқалы жүр

Етістіктің шақтары- времена глагола

Осы шақ-наст. вр. Өткен шақ – прош. вр. Келер шақ – будущ. вр.
1) тұр,жүр, отыр,жатыр +жік.ж.
2) етістік түбірі+ы,ып,іп,а,е,й жұрнақтары + +тұр,жүр,отыр, жатыр +жік. ж.
3) тұрмын, оқып отырмын.
1) етістіктің түбірі + ды,ді,ты,ті жұрнақтары +жік. ж.
бардым, келдім, қайттым, таптың, кеттіңіз – жедел өткен шақ
2) түбір+ған, ген, қан, кен, ып, іп, п + ж.ж., алғанмын, келгенбіз, көріппін – бұрынғы өткен шақ
3)түбір+ атын, йтын, йтін + ж.ж. - баратынмын, баратын- ауыспалы өткен шақ

1) етістіктің түбірі +а, е, й жұрнақтары +жік. ж.
келемін, барамын, қараймын-ауыспалы келер шақ
2)түбір+ар, ер, р + ж.ж. келермін,қайтарсың, отырар-болжалды келер шақ
3) мақ, мек, пақ, пек, бақ, бек, (шы,ші)+ж.ж.-келмек, айтпақпын, үйренбексіз-мақсатты келер шақ

Етістіктің райлары – наклонения глагола

Ашық рай-изъяв. н. Бұйрық рай-повел. н. Шартты рай –усл. н. Қалау рай-желат. н.
жазамын, келерсің, жазып отыр, жазды. оқы, кел, оқысын, жаздыр, тұрғыз, қараңыз, айтпа,баршы, келші етістік түбірі +са, се жұрнақтары+1,2 жақ жіктік ж.
сөйлесем, барсаң, айтсаң, жүрсе
1) етістік түбірі–қы,кі,ғы,гі-жұрнақтары+ тәуелдік ж. + кел етістігі
жазғым келмеді, айтқым келді,
2)барғайсың, көргейсің, барғайсыз

Етістіктің етіс түрі

өздік- өзгелік ырықсыз ортақ
-н,-ін,-ын –жұрнақтары

-т,-дыр,-дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз-кіз, -ыр, -ір -ыл,-іл,-л, кейде-ін, ын, -н -ыс, -іс, -с
жуынды, киінді, сүйінді, сайланды, тойланды айтқызды, алдырды,оқыт,пісір, еміздің, тасылды, жазылды, киілді, тазаланды айтысты, сөйлес, көрістік, табыстың, жинасты

Етістіктің морфологиялық талдау үлгісі

Ол буылған қағазды үстелдің тартпасына салды.

салды –етістік, бастапқы тұлғасы – cал (не істе?)

Тұрақты белгілері: болымды, сабақты, негізгі, дара, ды-өткен шақ жұрнағы, ашық рай.

Тұрақсыз белгісі: 3-жақ, жекеше.

Синтаксистік белгісі – не істеді? деген сұраққа жауап беріп, дара баяндауыш қызметін атқарады.

Бекіту

№1-жаттығу

Етістіктерді мағынасына қарай топта: (болымды, болымсыз, сабақты, салт)

көрді, ал, барма, кетті, сөйлемеді, оқыды, ойлады, келеді, келмеді, салды, жазбады, оқы, талда, мазмұндады.

№2-жаттығу

Мына сөйлемдерден негізгі және туынды етістіктерді тап:

Бүгін сен әжеңе хат жаз.Ол өз өмірі туралы көп ойлайды. Мен өз іс-тәжірибемнен көп мысал келтірдім. Сен оларға хабар айт. Анаңа қала туралы әңгімеле. Сен ертең үйіңе қайт.

№3-жаттығу

Дара және күрделі етістіктері бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Қалаға қайтарда мына жүктерді алып қайтарсың. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жібек көйлекті қыз алдымнан шыға берді ғой...

№4-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктің райларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Баласы жақсы оқыса, анасы қуанады. Оған ойыңды ашық айт. Аспан бозғыл тарта бастады. Қоңыр күз де келіп жетті. Мен ойымды ашық айтқым келеді.Күн күркіресе, жаңбыр жауады. Сен күнде салқын суға жуын.

№5-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктің есімше және көсемше түрін анықта: Мен сені көптен көрген жоқпын. Анар Алматыға оқығалы келді. Ол Астанаға кеткелі екі жыл болды. Мен осы қалада дүниеге келіппін. Арман сабақта көп сөйлейтін. Сен ол жерге келген соң, маған хат жазарсың. Ол неге маған жауап қатпады? Ертең қалаға көп қонақ келгелі жатыр.

№6-жаттығу

Сөйлемдегі етістіктердің шақтарын анықта:Панфилов Мұратқа жан ашыр кескінмен қарап тұр.

Мұрат шам жарығына күлімдеп қарайды. Төсекте қанға батып екі адам жатыр.Тұрар Москвадан кеше келіпті. Сендерге біз екі күннен кейін келеміз.Аспанда қалықтап құс ұшады. Сай-саламен су ағады. Мен театрға жиі баратынмын. Әскер басы өзен жағасында келе жатыр.

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

97 − 90 =