Мемлекеттін пайда болу себептері

3. Мемлекеттің пайда болу нысаны.

1.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама.

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

ол тек бір ру көлемінде ғана таралады,оның еркін білдіреді және қандақ туыстыққа негізделеді;

тікелей қоғамдық болып табылады, алғашқы қауымдық демократияның өзінөзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасады;

бұл биліктің биліктік органдары ретінде органдық рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылар және тағв бақа қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырады.

2.Мемлекеттің пайда болу себептері.Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарихи ғылымдарыоның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:

1.Діни теория- мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастаң, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда алғашқы мемлекеттің теократиялық нысандарын – абыздар билігін, шіркеудің рольін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі –Фома Аквинский.

2.Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, патриархаттың шексіз билігі орын алған отбасы нысаның таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе өз дамуын ағылшын ғылымы Филмердің еңбектерінен тапты.

3.Шартты теория – XVII-XVIII ғасырларда кеңінен тараған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроцкий мен Спиноза, Англияда Д.Лок пен Т.Гросс, Францияда Ж.Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радишевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтежесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

4.Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетің, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін соған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

5.Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен :бағыну қажеттілігімен еліктеумен алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражидский мен Г.Тардты атауға болады.

6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Сперанский, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндірді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни мемлекет биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі.Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары болады.

7. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болун әлеуметтікэкономикалық бөлінумен, яғни, жеке меншіктің пайда болуы мен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс,В.И.Ленин – мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызымет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды

3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықта түрліше жүзеге асқан узақ үдерісі.

Шығыста « өндірістің азиялық тәсілі » ( Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б ) нысаны кезінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтікэкономикалық бөліктері жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленеді Ежелгішығыста пайда болған мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып оларды басқарды яғни өндірісті ұйымдастырушы рольін арқарды.

Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөліну негізінде пайда болды. Афины мемлеттің пайда болуының ең таза класикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарамақайшылқтардың негізінде пайда болды. Римде мемлекеттің пайда болуы плибейлердің римдік аристократтар – патрицейлерге қарсы көріністің нәтежесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болады, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 1012 мың жылдар бұрынғы неолиттік ревалюция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты шынайы еңбек қызметінее ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.

Сонымен мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Т.Мемлекет және құқық теориясы Оқу құралы.Алматы «Жеті Жарғы» 2001 ж

2. Сапарғалиев Г.С. Ибраева А.С. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқу құралы Алматы «Жеті Жарғы» 1998 жыл

3. Алексеев С.С. «Государства и права», Начальный курс Москва, 1996 жыл

4. Алексеев С.С. «Теория права», Москва, 1994 жыл

5. Булгакова Д.А. «Теория государства и права» Алматы, «Данекер», 1999 жыл

Қосымша әдебиеттер:

6. Керимов Д.А. «Методика права» Москва,1989 жыл

7. Козлов В.А. «Проблемы предмета и методологии общей теории права» Ленинград, 1989 жыл

3-4 тақырып: МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ.

Жоспар:

1.Мемлекет функцияларының түсінігі.

2. Мемлекет функцияларының түрлері.

3.Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.

1.Мемлекет функцияларының түсінігі.Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызыметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында өзгереді.

2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекеттің функцияға бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.

Тұрақты функциялар мемлекеттің дамуының барлық кездерінде жүзеге асырылса үақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндеттегі шешумен өз әрекетін жояды.

ә)маңыздылығына қарай негізгі және қосымша функциялар;

б)қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты – ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызыметінің негзгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – орның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызыметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбір тәртіпті сақтау функциясы , басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.

3.Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары. Бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық қатынастарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызымет;

ә)құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс.

б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтарф мен бостандықтарын қорғауға құқықбұзушылардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызымет.

Ұйымдастырушы нысандарға мыналар жатады.

а)ұйымдастырушылықреттеуші – бұл белгі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындау мен сайлаулар жүйесін жүргізуге т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызымет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмыс.

ә)ұйымдастырушылықшаруашылық – бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жеделтехникамен және шаруашылық жұмыс;

б)ұйымдастырушылықидеологиялық – бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілердің түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

Негізгі әдебиеттер:

1. Венгеров А.Б –мемлекет ж/е құқық теориалары. 2-бөлім құқық теориасы . М-96.

2. Спиридонов Л.И: Мемлекет ж/е құқық теориалары . М-1996.

3. Комаров С.А Жалпы мемлекет ж/е құқық теориялары М-95.

Қосымша әдебиеттер:

4. Мемлекет ж/е құқық теориясы 1-бөлім . Редакция. Вегоров А.Б-95.

5. Хлопонюк В.Н. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1993.

5 тақырып: МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ

1.Мемлекет механизімінің түсінігі.

2.Мемлекет механизмінің құрылымы.

3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары.

4.Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері.

1.Мемлекет механизімінің түсінігі. Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет миханизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктер синоним ретінде қолданылады. Мемлекет миханизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұның қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызымет етуін қамтамсыз етуге бағытталған басқарушылық ұйымдастырушылық қызымет құрайды.

Бұл қызыметтіңнысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Оған сәйкес мемлекеттік аппарат қызыметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1)тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен тәжірибе алмасу мен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызымет түрлері;

2)құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызымет түрлері яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызыметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а)құқықшығармашылық қызымет бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызымет;

ә)құқыққолданушы қызымет – бұл құқық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

б)құқыққорғаушы қызымет – бұл заңдардың сақталуын бақылауы мен қадағалауымен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуме,н т.б. байланысты қызымет.

2.Мемлекет механмзімінің құрылымы.Бұл құрылымға мыналар кіреді :

1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара байланыстылыққа мемлекеттік органдар;

2)биліктік өкілеттіліктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау,ғылым т.б. салаларда жалпы әлуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3)басқарумен арнайы айналыстын мемлекеттік қызыметшілер;

4) мемлекеттік аппараттың қызыметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.

3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызыметінің қағмдалары –бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызымет етуінің негізгі бағыттарын анықтаытын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:

1)адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызыметшілер аталған құқықтыр мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;

2)демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызыметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;

3)биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдарымен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негіделген;

4)заңдылық қағидасы бұл барлық мемлекеттік қызыметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міедеттілігін білдіреді.

5)жариялық қағидасы бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызыметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпаратымен танысуын білдіреді.

6)кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызыметінде мейлінше кәсіби қызыметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды,

7)алқалық пен жалғңызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8)сайлаушылық пен тағайындаушылық үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандыру тиімді байланысын білдіреді.

9)бағыныстылық(иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейдегі орналасқаның білдіреді.

4.Мемлекет органдарының түсінігі және түрлері.Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәкес биліктік өкілеттіліктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а)оның оралымды басқарудағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ә) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б)өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызыметтік бағыныстылық және қызыметтік тәртіп жүйесі; в)биліктік өкілеттіліктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асрады.

Мемлекеттік органдардың түрлері:

1.Мемлекеттік қызыметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекеторгандары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы қадағалаушы органдар болып бөлінеді.

2.Билікті тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы. Атқарушы және сот органдары.

3.Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқыққорғаушы, құқыққолданушы және құқықшығарушы органдар.

4.Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық және жергілікті органдар.

5.Өкілеттіліктерінің мерзіміне байланысты тұрақты және уақытша;

6.Құзыретінің сиптына қарай – жалпы және арнайы құзыретті органдар.

Негізгі әдебиеттер:

1 Венгеров А.Б –мемлекет ж/е құқық теориалары. 2-бөлім құқық теориасы . М-96.

2 Спиридонов Л.И: Мемлекет ж/е құқық теориалары . М-1996.

3 Комаров С.А Жалпы мемлекет ж/е құқық теориялары М-95.

4 Мемлекет ж/е құқық теориясы 1-бөлім . Редакция. Вегоров А.Б-95.

5 ХлопонюкВ.Н. Мемлекет ж/е құқық теориясы. М-1993.

Қосымша әдебиеттер:

6. Корельский В.М. Мемлект және теориясы. М,98

7. Конститутция Заңы тәуелді актілер.М,94

8. Жалпы мемлекет және құқық теориясы. Редакция В.В. Лазарева М,95

6-7 тақырып: МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

1.Мемлекет нысанының түсінігі.

2.Басқару нысаны.

3.Мемлекеттік құрылым нысаны.

Leave a Comment

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

− 3 = 7